Мектепте Жас Ұлан балалармен
жасөспірімдер Ұйымы жұмыстарын жүргізу мақсатында №473 бұйрық шығарылып, «Іле
аудыны білім бөлімінің» тәрбие жоспарына негізделе отырып, жоспары жасалынды.
Жоспар бойынша 23.11.2018
ж күні мектеп
бойынша 2018 жылдың 23 қараша күні сағат 12.30-13.30 уақыт аралығында
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 5-сыныптарды
қабылдау салтанатты рәсімі өткізілді. 5- сынып жетекшілері: 5а И.Сарсенгалиева, 5 ә К:Арзиев, 5 б Ж.Серикова, 5в Ж.Джакеева, 5ғ
Б.Рысбаева, 5 «Г» В.Шестаков, 5 «Д» Е.Унрайн,
5
«Е» Е.Гоцоного оқушыларына «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының
құжаттарымен таныстырып, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының
атрибуттарымен қамтылуын қадағалады. Салтанатты рәсімде әр топтың топ басшысы
мектептің Ұланбасы Н.Каржаубаевқа топтардың дайын екендіктерін жеткізіп,ант
беруді бастады. Рәсім соңында мектеп директоры М.Туркешев, ата аналар
комитеттері М.Тен, А.Аблакимова балаларды құттықтап, жылы лебіздерін
білдірді.