"Жас Ұлан" ұйымына қабылдау » №16 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жас Ұлан" ұйымына қабылдау
27
апрель
2017

"Жас Ұлан" ұйымына қабылдау

Мектеп бойынша 2016-2017 оқу жылындағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысын жандандыру мақсатында бұйрық шығарылып, жоспар құрылды. Жоспар бойынша  2016 жылдың 30-қарашада  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары  С.Боранбаева және Ж.Амарбекова    5-сынып оқушыларын «Жас Ұлан» біріңғай балалармен жасөспірімдер ұйымына қабылдау іс –шарасын өткізді.

    Іс-шараға сәйкес сценарий құрылып, жүргізілді. 6-сынып оқушыларының қошеметімен 5 А сынып, сынып жетекшісі Г.Калиева, 5 Ә сынып жетекшісі Т.Жалғасбаева, 5 Ғ сынып жеткешісі Л.Оразхан, 5 Б сынып жетекшісі М.Шестакова, 5 В М.Мукашева оқушыларымен қабылдау орнына кіргізілді.  Сценарий бойынша мектеп директоры М.Туркешев құттықтау сөз сөйледі. Қазақстан Республикасының Туы және «Жас Ұлан» біріңғай балалармен жасөспірімдер ұйымының Туы енгізіліп, Мемлекеттік Гимн орындалды.            Салтанатты түрде ұланбасылардың анты қабылданды. Ант қабылдаған мектеп бойынша 10-сынып оқушысы Ұлан басшысы М.Алматова. 5 Б сыныбы ата-аналар комитетінің төрайымы В.Дерендяеваға сөз беріліп, балаларды құттықтады. 10- сыныптың оқушылары «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері 5-сынып оқушыларына галстук және төсбелгілерін табыстады. Іс-шара соңында «Жас Ұлан» гимні орындалды.  

 

"Жас Ұлан" ұйымына  қабылдау

 

"Жас Ұлан" ұйымына  қабылдау

 


Похожие публикации:

28 апрель 2017 22 Наурыз
28 апрель 2017 Алғыс айту күні
27 апрель 2017 8- Наурыз
27 апрель 2017 1 Желтоқсан