Соңғы қоңырау 2018 » №16 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Соңғы қоңырау 2018
29
май
2018

Соңғы қоңырау 2018

Ю.А.Гагарин атындағы №16 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесі бойынша өткізілген
« Соңғы қоңырау» мерекесі туралы мәлімет.


Іле ауданының білім бөлімінің 18.05.2018 жылғы №284 бұйрығына сәйкес мектепшілік 24.05.2018 жылғы 411 бұйрығының негізінде жоспар құрылып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналып «Сыңғырла соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өткізілді. Мектеп алаңы безендіріліп, кезекшілік кестесі құрылды. Сыныптар белгіленген орындарда уақытында тұрғызылды. Салтанатты жиын сағат 09.00 де басталып, 09.45 те аяқталды.
Салтанатты жиынға Междуреченск ауылдық округінің бас маманы Кульмамбетова Раушан Тайлақбаевна, Междуреченск ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы Жармағамбетов Совет Жармағамбетович, ата –ана комитетінің төрайымы Беличенко Елена Владимировна қатысты. Соңғы бұйрықпен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.Есетова таныстырды. Ортаға 11 сынып түлектері, сынып жетекшілерімен бірге шақырылды.
Соңғы қоңырау мерекесімен мектеп ұжымын, түлектерді және оқушыларды мектеп директоры М.Туркешев және мереке қонақтары құттықтады.
Мектеп директоры М.Туркешев аудандық, облыстық, республикалық байқаулардан орын алған 11 сынып түлектерін құттықтап, мақтау қағаздарымен сертификаттарын табыс етті.
11 сынып түлектері ортаға шығып мектеп туралы ән айтып,мектеп вальсін биледі. Мектеп бойынша «Алтын белгі» үміткерлері Абижан Бауыржан, Алматова Мадина, Мирошниченко Анастасия, Амреева Адалат, Тасырбаева Жулдыз, , ерекше аттестат үміткерлері Фазылманат Уайда, Жумабай Марал, Ратова Нуршат, озат оқушы Латыпова Анастасия соңғы қоңырау соғу рәсімімен ортаға шақырылды. Іс –шараның соңында мектеп түлектері «Арман шарларын» ұшырып, соңғы сынып сағаттарына жол алды. 1-10 сыныптар сынып сағаттарын өткізді.

Соңғы қоңырау 2018
Соңғы қоңырау 2018
Соңғы қоңырау 2018
Соңғы қоңырау 2018