Ю.А. Гагарин атындағы № 16 орта мектебі бойынша 2017-2018 оқу жылында өткізілген жаңа жылдық шырша мерекесі туралы мәлімет » №16 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ю.А. Гагарин атындағы № 16 орта мектебі бойынша 2017-2018 оқу жылында өткізілген жаңа жылдық шырша мерекесі туралы мәлімет
05
январь
2018

Ю.А. Гагарин атындағы № 16 орта мектебі бойынша 2017-2018 оқу жылында өткізілген жаңа жылдық шырша мерекесі туралы мәлімет

Іле ауданының білім бөлімінің 22.12.2017 жылғы № 618 бн/қ «Мектеп бойынша шырша мерекесін өткізу туралы» бұйрығын іске асыру мақсатында мектепшілік «Мектеп бойынша шырша мерекесін өткізу туралы» 22.12.2017 жылы №292 бұйрығы шығарылды. Бұйрыққа сәйкес жоспар құрылып, бекітілді. Іле ауданының білім бөлімінің шырша мерекесін өткізу кестесіне сәйкес мектепшілік кесте құрылып, бекітілді. Кезекші әкімшілік, мұғалімдерден кезекшілік кестесі құрылып, бекітілді. Жаңа жылдық мерекелік шыршасының өткізілу орны негізгі ғимараттың спорт залында шырша орнатылып, безендірілді.
Мерекелік шырша кестесі бойынша 23.12-28.12.2017 жылы сағат 09.00-17.00 уақыт аралығында өткізілді.
1-11сыныптардың шырша мерекесі негізгі ғимаратта өткізілді. Шыршаны мектеп директоры М.Туркешев, мектеп бойынша ата ана комитетінің төрайымы Е.Беличенко, камқоршылық кеңес төрайымы Д.Дюсеновалар келіп құттықтап, балаларға оқуда табыстар тіледі. 1-11 сыныптардың шырша мерекесіне «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер Ұйымы мүшелері 9-11сынып оқушылары музыка пәні мұғалімдерімен бірге жаңа жылдық кейіпкерлер рөліне бөлініп, көңілді өткізді. Оқушылар шырша мерекесіне белсене қатысты, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі ойындар ұйымдастырылды. Шыршаға ата аналарда тарылып, оның ішінде
5 «Д», «Г», «Е» сыныптары ата аналары өте белсенді қатысты. Әр сыныптың сценарийі бойынша оқушылар топтық би билеп, жаңа жылдық әндер шырқады. 11 сынып оқушыларына арнап сынып жетекшілері және пән мұғалімдері шырша мерекесіне өлең шумақтарын тарту етті. 26.12.2018 жылы жетім ,ата анасының қамқорлығынсыз қалған,азқамтылған,көпбалалы отбасынан шыққан оқущылар Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына аудан әкімінің шыршасына барды.
Жаңа жылдық шырша мерекесі кестеге сәйкес 28.12.2017 жылы 11 сынып оқушыларының шырша мерекесімен аяқталды. Әр сыныптың шырша мерекесінде бекітілген кезекші әкімшілік пен кезекші мұғалімдер талапқа сай кезекшілік атқарды.


Ю.А. Гагарин атындағы № 16 орта мектебі бойынша 2017-2018 оқу жылында өткізілген жаңа жылдық шырша мерекесі  туралы мәлімет
Ю.А. Гагарин атындағы № 16 орта мектебі бойынша 2017-2018 оқу жылында өткізілген жаңа жылдық шырша мерекесі  туралы мәлімет
Ю.А. Гагарин атындағы № 16 орта мектебі бойынша 2017-2018 оқу жылында өткізілген жаңа жылдық шырша мерекесі  туралы мәлімет

Похожие публикации:

27 апрель 2017 8- Наурыз