1-мамыр » №16 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
май
2017

1-мамыр

1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай «Достық - біздің тірегіміз» атты онкүндігінде өткізілген іс-шаралар

Іле ауданында 2017 жылдың 21.04-01.05 аралығында өткізілетін іс шаралар жоспарына сәйкес мектеп бойынша №117 бұйрық шығарылып, «Достық - біздің тірегіміз» атты онкүндігінің жоспары бекітілді.

Жоспарға сәйкес 21.04-26.04.2017ж күндері «Ынтымақ түбі-игілік» тақырыбында 5 «А», «Ә», «Ғ», «В» сыныптары қабырға газеттерін шығарды.

24.04-29.04.2017ж күндері 8 «А», «Ә», 9 «Б» сыныптары сынып жетекшілері Г.Еркебаева, Э.Баяхмет, А.Бегенова «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты дөңгелек үстелді қызықты әрі мағыналы жоғары дәрежеде өткізді.

«Бояулар әлемі» және «Мир акварели» үйірме жетекшілер С.Бекжан,

Т. Гелеверьева «Бір шаңырақ астында», «1-мая Дружба народов» тақырыбында суреттер көрмесін бастауыш ғимаратында ұйымдастырды. Көрмеге 3-4 сыныптардың суреттері қойылды.

1-2 сынып оқушылары «Ынтымақты ел озар» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Атап айтсақ, 2 «Ғ» сынып жетекшісі М.Сельбаева, 1 «Е» сынып жетекшісі А.Какешева, 2 «Б» сынып жетекшісі А.Сырлыбаева, 1 «Д» сынып жетекшісі О.Лукьянова ашық сынып сағаттарын жоғары дәрежеде өткізді.

1- мамыр күні мектеп оқушылары әр ұлттың ұлттық киімдерін киіп,мерекелік көңіл күймен салтанатты шеруге шықты. Шеруден соң мәдениет үйінде ұйымдастарылған концерттік бағдарламаны тамашалады.

 

1-мамыр

 

1-мамыр

 

1-мамыр

 


Похожие публикации:

28 апрель 2017 Алғыс айту күні
27 апрель 2017 8- Наурыз
27 апрель 2017 1 Желтоқсан