Тәуелсіздікке 25 жыл » №16 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіздікке 25 жыл
27
апрель
2017

Тәуелсіздікке 25 жыл

Ю.А Гагарин атындағы №16 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік коммуналдық мекемесі бойынша

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» толуына орай  өткізілген іс- шаралар  

 

Алматы облыстық  әкімшіліктің аппаратынан 2016 жылдың 04 қараша күні келіп  түскен  «Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  күнін  және  Тәуелсіздік  күнін  мерекелеу  туралы»  және  2016  жылдың  07 қараша  күні келіп түскен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын  мерекелеуге арналған  негізгі  іс-шараларды дайындау мен  өткізу  жөніндегі  жоспарды бекіту туралы бұйрығын негізге ала отырып, Іле ауданының 09.11.2016 жылғы №560 бұйрығына сәйкес 10.11.2016ж мектепішілік «Мектеп бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеуді өткізу туралы» №294 бұйрығы шығарылды.

16.11.2016ж ДТІЖО С.Боранбаева және Ж. Амарбекова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған айлықтың ашылу салтанатын өткізуден бастады. «Жас келсе іске» тақырыбында жас мамандар байқауын өткізді. 22.11.2016ж Мектеп кітапханашы А.Какешова Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Туы биік, тұғыры берік Сыр елі» кітап көрмесін ұйымдастырып, 24.11.2016ж технология пәнінің мұғалімдері А.Усманова мен М.Бегимбетовалар «Тәуелсіздіктің дара жолындағы Сыр елінің жетістіктері» тақырыбында қолөнер көрмесін рәсімдеді. Бейнелеу пәні мұғалімі Л.Оразхан,Т.Козловалар мен 1-4 сынып жетекшілері «Тәуелсіздіктің сырлы бояулары» тақырыбында жас суретшілер байқауын ұйымдастырды. «25 ән» патриоттық әндер байқауы 19.11.2016 ж. күнін музыка пәнінің мұғалімдері Г.Казенова мен Н.Буратай өткізді. Байқаудың бас жүлдесін – 8 «А» сынып оқушысы А.Тынышбай иеленді. Байқауда патриоттық әндер шырқалып, үздік орындаушылар анықталды.       1-11 сыныптар аралығында «Тәуелсіздік шыңы» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізіліп, өскелең ұрпаққа Тәуелсіздікті дәріптей білді. 28.11.2016ж. тарих пәні мұғалімдері В.Шестаков пен З.Мухтасыровалардың басшылық етуімен «Бір шаңырақ астында» атты әртүрлі ұлт өкілдерінің кездесу кеші болды. 30.11.2016ж. «Бір Отан, Бір тағдыр, Бір Елбасы» атты мерекелік көнцерті жоспар бойынша ұйымдастырылып, өткізілді. 03.12.2016ж. «Мен - Қазақстандықпын» тақырыбында 5-9 сынып аралығында шығармалар байқауы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Г.Арыстанбаева, Г.Раманова, А.Тоғанбаева, Э.Баяхметтердің ұйымдастыруымен өткізілді. 07.12.2016ж. тарих пәні мұғалімдері А.Бегенова, А.Кебисбаева, З.Мухтасыровалар «Тәуелсіз елімнің жетістік тарихы» тақырыбында бейнероликтер көрсетті. «Қазақстанның болашағы – салауатты ұрпақта» атты спорттық іс шараны 09.11.2016ж. дене шынықтыру пәні мұғалімдері – А.Ташкенбаев, Қ.Ташкенбаев, М.Кумаевтер өткізді. Сайыс спорттың арқан тарту мен қол күрестіру түрлері бойынша ұйымдастырылды. 10.11.2016ж Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерекесіне орайластырылып мектеп мұғалімдері арасында валлейболдан сайыс өтті. Сайыста 2 команда қатысып, нәтижесі бойынша тең түсті. 12.12.2016ж «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты жас ақындармен кездесу қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.Джинебаеваның ұйымдастыруымен өтті. Кездесуде жас ақында өздерінің төл туындыларын оқып, көрермендермен сұхбат жүргізді. 10.11.2016ж. тарих пәні мұғалімі – Г.Еркебаева «Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында мақала дайындалып, баспасөз бетіне жіберді. 13.12.2016ж. 10 «А» сынып жетекшісі К.Арзиевтің ұйымдастыруымен «Біз Тәуелсіз Қазақстанның келешегіміз!» атты флешмоб мекеп ауласында ұйымдастырып, мерекеге өз үлестерін қоса білді. 5 «Ғ» сынып жетекшісі Л.Оразхан,  6 «А» сынып жетекшісі С.Абдуллаева, 7 «Ә» сынып жетекшісі Д.Джиенбаева, 9 «Ә» сынып жетекшісі К.Баисовалардың ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. 14.12.2016 ж. ДТІЖО С.Боранбаева, Г.Казеновалардың басшылық етуімен «Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым» атты Жас Ұлан ұйымы мүшелерінің слетін өткізу. 14.12.2016ж.  тарих пәні мұғалімі Г.Еркебаева Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. 14.12.2016ж. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Э.Баяхмет, Г.Раманова және А.Тоғамбаева «Тәуелсіз елім – Қазақстан» тақырыбында мектеп оқушыларының өлең шумақтарынан әдеби монтаж жасалды. 15.12.2016ж. ДТІЖО С.Боранбаева, Г.Казеновалардың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды. Жиында мектеп директоры М.Туркешев құттықтау сөзін сөйлеп, мереке қарсаңында ұстаздардарды марапаттап, мақтау қағаздарын табыстады. 

 

Тәуелсіздікке 25 жыл

 

Тәуелсіздікке 25 жыл

 

Тәуелсіздікке 25 жыл

 

Тәуелсіздікке 25 жыл

 

Тәуелсіздікке 25 жыл

 

Тәуелсіздікке 25 жыл

 

Тәуелсіздікке 25 жыл

 

Тәуелсіздікке 25 жыл

 

Тәуелсіздікке 25 жыл

 

Тәуелсіздікке 25 жыл

 


Похожие публикации:

28 апрель 2017 22 Наурыз
28 апрель 2017 Алғыс айту күні
27 апрель 2017 8- Наурыз
27 апрель 2017 1 Желтоқсан