8- Наурыз » №16 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
апрель
2017

8- Наурыз

«8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне» орай өткізілген іс-шара туралы мәлімет

Мектеп бойынша 2016-2017 оқу жылының оқу тәрбие жоспарына сәйкес 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне орай №61 бұйрық шығарылып, жоспар құрылып, бекітілді. Жоспар бойынша 1-11 сынып жетекшілері 8-наурыз Халықаралық Әйел қыздар мерекесіне сынып сағаттар өткізді. Жоғары деңгейде 5 «А», «Ә», «Ғ» сынып жетекшілері Т.Жалғасбаева, Г.Қалиева, Л.Оразхан «Ана өмірдің гүлі», 5 «Б», «В» сынып жетекшілері М.Шестакова, М.Мукашева «Праздник весны добра и света», 8 «А»,«Ә» сынып жетекшілері Г.Еркебаева, Э.Баяхмет «Анаға құрмет», 6 «А» сынып жетекшісі С.Абдуллаева «Аналар –асыл жандар», 3 «Г» сынып жетекшісі Е.Соколова «Для милых дам!», 4 «Д» сынып жетекшісі Т.Гелеверьева «Самые любимые», 9 «А», «Ә» сынып жетекшілері С.Уйыткубаева, К.Байсова «Ана-өмір тірегі» тақырыбында ата –аналарының қатысуымен ашық тәрбие сағатын өткізді

06.03.2017 ж күні 5-10 сынып оқушылары 8-наурыз«Халықаралық әйелдер күніне» арналған қабырға газеттерін шығарды. Сондай ақ 07.03.2017 ж күні қазақ тілі пәні мұғалімі Д.Джиенбаева 7-сынып оқушыларына «Анашым -алтыным» тақырыбында эссе жаздырды.

07.03.2016 ж күні мектептің мәжіліс залы 10 сынып жетекшілері және оқушыларымен жоғары дәрежеде безендірілді.

ДТІЖО С.Боранбаева,Г.Казенованың ұйымдастыруымен сағат 15:00 де

«8 наурыз –Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арналған концерт ұйымдастырылып, өткізілді. Мерекелік концертте әйел ұстаздарымыз марапатталды. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері У.Уразбаев, М.Кумаев, Р.Нурманов әйелдер қауымына жыр шумақтарын арнаған болса, оқушылар ән айтып, би биледі.

 

 

8- Наурыз

 

8- Наурыз

 


8- Наурыз

 

8- Наурыз

 


 

 


 

Похожие публикации:

28 апрель 2017 22 Наурыз
28 апрель 2017 Алғыс айту күні
27 апрель 2017 1 Желтоқсан