22 Наурыз » №16 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
апрель
2017

22 Наурыз

«22 наурыз- Қош келдің әз наурыз» атты өткізілген іс шаралар

 

           Мектеп бойынша қазақ халқының ұлттық дәстүрін насихаттау мақсатында мектепшілік бұйрық шығарылып,жоспар құрылды.Жоспар бойынша 22.03.2016 ж күні 1-4, 5-9 сынып жетекшілері,ата –аналар қауымдастығының төрайымы,мүшелері бірлесіп наурыз мерекесіне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.

         Наурыз мейрамын өткізу комиссиясы құрылды,комиссия мүшелеріне төмендегі мектеп әкімшілігі және мектеп мұғалімдерден құралды.

М.Туркешев –төрағасы, Т.Жалғасбаева –мүшесі ДОІЖО,Қ.Тоқсанбаев-  

мүшесі ДТІЖО, Т.Федосова –мүшесі –орыс тілі  әдебиеті пәні мұғалімі, Н.Алимкулова –мүшесі –физика пәні мұғалімі.

         14.03.-19.03.2016 ж аралығында 1-11 сынып жетекшілер «Наурыз –думан» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері А.Ташкенбаев,К.Алтабаев спорттық ойындар ұйымдастырды.

       Сынып жетекшілер келесі атаудағы ауылдарға біріктірілді. Мектепке дейінгі шағын орталық –«Еркетай» ауылы, мектепалды топтары  - «Жас өркен» ауылы, 1 сыныптар «Қырандар» ауылы, 2 сыныптар «Бәйшешек» ауылы, 3 сыныптар «Ботақан» ауылы, 4 сыныптар «Қошақан»ауылы , 5 сыныптар «Айгөлек»ауылы, 6 сыныптар «Қызғалдақ» ауылы,7 сыныптар «Бәйтерек»ауылы, 8 сыныптар «Жауқазын» ауылы, 9 сыныптар «Самрұқ» ауылы.

      Мектеп атынан қазақ үй тігіліпді. Безендіру жұмыстары жасалды. Үлкен дастархан жайылып,наурыз көже берілді. Мұғалімдер ұлттық киіммен келген конақтарды құшақ жая қарсы алды. Ауыл әкімі,үлкен ақсакалдар, ауылдық «Аққабақ» әжелер ансамблі конаққа келіп,ұлттық тағамдардан,наурыз көжеден дәм татып,жастарға баталарын берді. Наурыз мерекесіне құрылған комиссия құрылған ауылдарды аралап,дастарханынан дәм татты.

        Ауылдық мәдениет үйінің алдында концерттік бағдарлама өткізілді.Наурыз мейрамына келген қонақтар  көңілді ән мен биді тамашалап тарқасты.

 

 

22 Наурыз

 

22 Наурыз

 

22 Наурыз

 


Похожие публикации:

28 апрель 2017 Алғыс айту күні
27 апрель 2017 8- Наурыз
27 апрель 2017 1 Желтоқсан
25 апрель 2017 Әдістемелік жүйе