«Жаса, жайна Қазақстан!» » №16 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаса, жайна Қазақстан!»
22
декабрь
2017

«Жаса, жайна Қазақстан!»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай «Жаса, жайна Тәуелсіз Қазақстаным» атты онкүндік мәліметі

Қазақстандық патриотизм, яғни, Отанын, халқын сүю – қоғамның саяси-экономикалық және әлеуметтік негіздерінің қалыпты өрісін одан әрі жетілдіріп, кемелденуін қамтамасыз етуге бағытталған аса маңызды тұжырым. Бұл – Отанын, жері мен суын шексіз сүю, халқының өнеге-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрмет тұту, әрі адам мүддесін көздеп, бостандығы мен құқын қорғау, ел бірлігін нығайту, татулықты баянды етуге күш-жігерін жұмсау болып табылады. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай «Жаса, жайна Тәуелсіз Қазақстаным» атты онкүндік өткізу туралы №291 бұйрық шығарылып, жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес барлық сыныптарда 16 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған сынып сағаттары өткізілді. Сондай ақ 8 а,ә,ғ,д 9 а,ә,ғ, 10а,ә сыныптары ашық тәрбие сағатын мектептің акт залында жоғары дәрежеде өткізді. Бейнелеу пәні мұғалімдері Л.Оразхан, Т.Козлова «Тәуелсіздік-мақтанышым» тақырыбында суреттер көрмесін ұйымдастырған болса, мектеп кітапханашысы А.Какешева «Жаса, жайна Қазақстан!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырып 2-10 сынып оқушыларын қамтыды.
ДТІЖО Г.Казенова бастауыш сынып ғимаратында сыныптар арасында «Патриот сынып» сынып бөлмелерін безендіру байқауын ұйымдастырды. Сыныптар өз сынып бөлмелерін тақырыпқа сай безендіріліп, бұл байқауға ата аналарда белсене қатысып жеңіске жетуге өз үлестерін қосты. Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері Д.Джиенбаева, А.Тоғанбаевалар 7-8 сыныптар арасында «Нұрлы Отанымыз-Тәуелсіз Қазақстан» эссе байқауын өткізді.«Көк Тудың желбірегені, қазақтың асқақ беделі» спорттық ойындар сайыстарын дене шынықтыру пәні ӘБ жетекшісі А.Ташкенбаев ұйымдастырды. Сайысқа 9-10 сынып оқушылары қатыстырылды.
Онкүндік қорытындысы мектептің мәжіліс залында «Жаса, жайна Тәуелсіз Қазақстаным» атты мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды. Мерекелік концертте спорттық сайыста, «патриот сынып» байқауында жеңімпаз болған және де мектебімізде күн демей түн демей бар күш жігерін салып, балаларға білім нәрімен бірге парасатты тәрбие беріп жүрген ұстаздарымыз мерекеге орай марапатталды.



«Жаса, жайна Қазақстан!»
«Жаса, жайна Қазақстан!»

Похожие публикации:

12 май 2017 1-мамыр
27 апрель 2017 8- Наурыз