Мектеп іс - шаралары
Ю.А.Гагарин атындағы №16 орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі бойынша 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілген іс –шара туралы мәлімет.
Іле ауданының білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өту мақсатында мектепшілік бұйрық шығарылып,іс –шара жоспары құрылды.
Жоспарға сәйкес барлық сыныптарда 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған сынып сағаттары өткізілді. Сондай ақ 8 а,ә,ғ,д 9 а,ә,ғ, 10а,ә сыныптары ашық тәрбие сағатын мектептің акт залында жоғары дәрежеде өткізді. Бейнелеу пәні мұғалімдері Л.Оразхан, Т.Козлова «Еркіндіктің дастаны-«Нұр-Сұлтан» тақырыбында суреттер көрмесін ұйымдастырған болса, мектеп кітапханашысы Ж.Сабазбек «Тәуелсіз Қазақстан- біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырып 2-10 сынып оқушыларын қамтыды.
ДТІЖО А.Джумабекова бастауыш сынып ғимаратында сыныптар арасында «Патриот сынып» сынып бөлмелерін безендіру байқауын ұйымдастырды. Сыныптар өз сынып бөлмелерін тақырыпқа сай безендіріліп, бұл байқауға ата аналарда белсене қатысып жеңіске жетуге өз үлестерін қосты. Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері Г.Эсенова, А.Оспанова,орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Г.Калиева,Г.Оспанова 5-6 сыныптар арасында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» мәнерлеп оқудан байқау өткізді.«Ұранды елдің ұрпағы, айбарлы келеді» спорттық ойындар сайыстарын дене шынықтыру пәні ӘБ жетекшісі Р.Нурманов ұйымдастырды. Сайысқа 9-10 сынып оқушылары қатыстырылды. Онкүндік қорытындысы мектептің мәжіліс залында «Тәуелсіздік бастауы- Желтоқсан» атты мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды. Мерекелік концертте спорттық сайыста, «патриот сынып» байқауында жеңімпаз болған және де мектебімізде күн демей түн демей бар күш жігерін салып, балаларға білім нәрімен бірге парасатты тәрбие беріп жүрген ұстаздарымыз мерекеге орай марапатталды.


