04
декабрь
2017
«Азаттықтың ақ таңы үшін тер төккен»
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Азаттықтың ақ таңы үшін тер төккен» апталығы туралы мәлімет
Мектеп бойынша жоспарға сәйкес 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Азаттықтың ақ таңы үшін тер төккен» атты апталығының іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді.
Жоспарға сәйкес қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Жумаева, орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Г.Калиева, Ж.Табылганова 4-9 қазақ, орыс сыныптар арасында «Қазақтың тұңғыш Президенті» тақырыбында эссе байқауын ұйымдастырды.
1-11 сынып жетекшілері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне сынып сағаттар өткізіп, Елбасымыздың көреген саясатын дәріптеп және балалық шағына да саяхат жасады. «Бояулар әлемі», «Мир акварели» үйірме жетекшілері «Елбасы- Қазақстанның тұрақтылық пен гүлденуінің кепілі» атты сурет көрмесін өткізді. Мектептің мәжіліс залында 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы - ел тірегі» мерекелік концерт өткізілді. Концертте мектеп өнерпаздары дайындаған әндер, жыр шумақтары, би қойылымдары көрсетілді. Концерттік бағдарлама соңында апталыққа ат салысып белсенді қатысқан ұстаздармен оқушылар марапатталды.