07
февраль
2019
«Қазақстандық патриоизм және азаматтық тәрбие»
2018-2019 оқу жылы І жартыжылдықта «Қазақстандық патриоизм және азаматтық тәрбие» бойынша атқарылған іс-шаралар туралы мәлімет
Қазақстандық патриотизм, яғни, Отанын, халқын сүю – қоғамның саяси-экономикалық және әлеуметтік негіздерінің қалыпты өрісін одан әрі жетілдіріп, кемелденуін қамтамасыз етуге бағытталған аса маңызды тұжырым. Бұл – Отанын, жері мен суын шексіз сүю, әдет-ғұрпын құрмет тұту, әрі адам мүддесін көздеп, бостандығы мен құқын қорғау, ел бірлігін нығайту болып табылады.
Мектеп бойынша «Патриоттық тәрбиені» нығайту туралы №471 бұйрық шығарылып, «Іле аудандық білім бөлімінің» тәрбие жоспарына сәйкес мектепшілік жоспар жасалды.
Жоспарға сәйкес 01.09.2018ж күні «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің негіздерін түсіндіруге және танымал етуге бағытталған «Мен елімнің патриотымын» біріңғай білім сабағы 1-11 сыныптармен өткізілді. Білім сабағының жоспарын сынып жетекшілер алдын ала мектеп директорымен бекітіп, ДТІЖО С.Боранбаева, Г.Казенова тексеріп шықты.
09.10.-11.10.2018 аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5-қазанда Қазақстан халқына жолдаған кезекті жолдауына байланысты «Жолдауға қолдау» атты іс шаралар өткізілді. Іс-шарада сынып сағаттар, пікірталас, дөңгелек үстелдер өткізілді.
08.10-18.10.2018 ж күндері аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін насихаттау және қолдану мақсатында «Рәміздерім мақтанышым» онкүндігі өткізілді.
Сондай- ақ мектепте әр дүйсенбі сабақты мемлекеттік гимнмен бастау дәстүрге айналған.
Мектепте оқушылар арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында №481 бұйрық шығарылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін қолдану және пайдалану бойынша жауапты тұлға №475 бұйрықпен ДТІЖО Г.Казенова болып бекітілді және «Іле аудыны білім бөлімінің» тәрбие жоспарына негізделе отырып, жоспары жасалынды.
Жоспар бойынша І тоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін насихаттау және қолдану мақсатында 08.10-18.10.2018 ж күндері аралығында «Рәміздерім мақтанышым» онкүндігі өткізілді. Онкүндікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану мақсатында 15.10.2018 ж күні 1-11 сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді.
08.10-18.10.2018ж күндері аралығында мектеп кітапханасында мемлекеттік рәміздерге арналған ақпараттық бұрышын мектеп кітапханашысы Ж.Сабазбек
ұйымдастырып, көрсетті. «Государственные символы әлеміне саяхат» видео-презентация сабақтарын 33 оқушыға яғни 8 Б,В сыныптарына 12.10.2018 ж күні информатика пәні мұғалімі Г.Жунусбекова көрсетіп, балалардың қызығушылығын арттырды.
08.10-18.10.2018ж күндері бейнелеу пәні мұғалімдері Л.Оразхан, Т.Козлова «Рәміздерім мақтанышым» сурет көрмесін 4-5 сыныптар арасында ұйымдастырды.
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері Г.Сакбаева, Ж.Уйыткубаева «Еліміздің рәміздерімен мақтанамын» тақырыбында эссе байқауын 6-7 сыныптар
ұйымдастырды.
22.10.2018ж күні ДТІЖО С.Боранбаева, Г. Казенова, 5-10 сынып жетекшілерімен дүйсенбілік лездемеде белсенді қатысқан оқушыларды марапаттады.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басым идеялары мектебімізде оқушылар арасында кеңінен насихатталуда.
Атап айтқанда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Өлкетану» бөлімі бойынша 23.09.2018 ж күні тарих пәні мұғалімі В.Шестаков 5 «Г,Е», 9 «Б» сыныптан 79 оқушымен Алматы қаласынан 195 шақырым жерде орналасқан қазақ елінің туристерін құшақ жая қарсы алатын қонақжай мекендерінің бірі- Шарын шатқалына саяхат жасады.
Сондай – ақ, 30.09.2018ж күні тарих пәні мұғалімі А.Бегенова 5 «А», «Ә», «В» сыныптан 100 оқушымен, 30.10.2018ж күні 6 «А,Ә,Б,В» сыныптан 99 оқушымен сынып жетекшілері Г.Арыстанбаева, Б.Мукашева, Э.Каракулова, Д.Бердибаева Алматы қаласының жоғарғы аудандарында Самал-1, 44 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайына барды. Мұражайда оқушылар әр түрлі қызықты тарихы деректермен танысып, экспонаттар тамашалады.
01.10.2018 ж күні жоспар бойынша ардагер ұстаздар Г.Канаевамен 3-сыныптар, Ж.Айтымбетовамен 8 «Ә» сыныбы кездесу ұйымдастырды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Туған жер» бөлімі бойынша 23.10.2018ж күні тарих пәні мұғалімі Г.Еркебаева Іле ауданының 90 жылдық мерейтойына арнап «Мекені тұғырлы, есімі ғұмырлы» тақырыбында әдеби, тарихи сазды кеш ұйымдастырды. Кешке ауданның құрметті азаматтары: №46 ОМ директоры С.Жарқынбеков, «Іле аудандық білім бөлімі» нің әдіскері Р.Байгозова, Ауған соғысы ардагері С.Баймухамбетов, Междуреченск ауылдық округі әкімі С.Абдибеков, ақсақалдар кеңесі төрағасы С.Жармағамбетов шақырылды. Қарасай ауданынан 90 жылдық мерейтоймен құттықтап «Үшқоңыр», «Махаббат» вокалды топтары келіп өнер көрсетті. Кеш барысында 8-сынып оқушылары аудан тарихына тоқталып, ауданымыздан шыққан атақты тұлғалар жайлы сыр шертті.
16.11.2018 ж күні «Мәңгілік ел – бұл тарих, Мәдениет пен Тіл бірлігі, Ұлттық валюта» тақырыбында 8 «А» сынып жетекшісі С.Абдуллаева пікірталас өткізді. Пікірталасқа 27 оқушы қатысты.
20.12.2018ж күні «Латын әліпбиіне көшу- рухани жаңғыру талабы» тақырыбында пікіралмасуды тарих пәні мұғалімі Г.Еркебаева 8-10 сыныптан 23 оқушымен өткізді.