04
январь
2022
ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Какешова Айнұр Жеңісқызы
тел.: 8 7075558260
e-mail: kakeshova_a@mail.ru
Қызметтiк мiндеттерi: Педагогикалық ұжымның ағымдағы және алдағы жұмыстарын жоспарлауды ұйымдастыру. Оқу жоспары мен бағдарламаларының орындалуында мұғалiмдерге бағдар берiп отыру, сонымен қатар керектi оқу-әдiстемелiк құжаттарды жүргiзу. Бiлiм беру үрдiсiнiң сапасына және оқушылардың бiлiм сапасының қорытындысына, факультативтiк жұмыстарға бақылау жүргiзедi. Емтиханға дайындық жұмыстары мен өтiлуiн ұйымдастырады. Оқушылардың оқу жүктемелерiне бақылау жасайды. Сабақ кестесiн және басқа оқу iсi жөнiндегi кестелердi құрастырады. Уақытылы өзiне тиiстi құжаттардың есебiн берiп отырады. Педагог кадрларды таңдауға және орналастыруға қатысады, олардың кәсiби бiлiктiлiктерi мен шеберлiктерiн арттыруды ұйымдастырады. Әдiстемелiк жұмысты ұйымдастырады, әдiстемелiк бiрлестiк жұмыстарына бағыт бередi. Оқу-әдiстемелiк жұмыстың жағдайына талдау жасайды. Тәжiрибе жұмыстарының нәтижелерiне талдау жүргiзедi. Озат тәжiрибелi мұғалiмдердiң жұмыс нәтижелерiн таратудың iс-шараларын жүргiзедi. Педагогтардың аттестациядан өту дайындықтарына және өтуiне қатысады.Оқу лабораториялары мен кабинеттерiнiң көрнекiлiктермен техникалық құрылғылармен жабдықталуына, кiтапхана мен әдiстемелiк кабинеттi оқу-әдiстемелiк және көркем әдебиетермен толықтыруға басшылық жасайды.