Әдістемелік жүйе » №16 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
апрель
2017

Әдістемелік жүйе

Кембридж Университеті бағдарламасының негізінде құралған Ю.А.Гагарин атындағы № 16 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік коммуналдық мекемесі бойынша

2016-2017 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы білім беруге қол жеткізуді қамтамасыз ету жолында білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адам капиталын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша оқуға педагог кадрларды белсенді тарту болып табылады.
   

Бағдарламаны іске асырудың тұжырымдамалық негіздері мен деңгейлік қағидаттары оқып шыққан сертификатталған педагог кадрларға коучинг пен менторинг үрдісі арқылы оқытудың тәжірибесін өзгертуге, желілік педагогикалық қоғамдастық қызметі ХХI ғасырда оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі ынталандыру, өзін-өзі реттеу, оқу білу дағдыларын белсенді әрі табысты қолдануға дайындығын қалыптастыруға ықпал ететін қажетті білім ортасын құруға мүмкіндік береді.

v Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:

жоспарлау үдерісін, бағалау жүйесі мен рефлексиялауды жетілдіруі, жеті модуль тақырыбында кіріктірілген тізбекті сабақтар серияларын іске асыруға тиіс.

v Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:

мониторинг пен коучинг арқылы мектепте әріптестерінің жұмыс тәжірибесін жетілдіруі, мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастыруы, сынып аясында жоспарлауды және іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуі тиіс.

v Бірінші (жетік) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:

мектепте және оның сыртындағы мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын, соның ішінде коучинг пен мониторинг үрдісін жүзеге асыратын мектеп мұғалімдері тобын ұйымдастыруы;

білім беру саласында мұғалімдердің зерттеу жүргізу әдістерін түсіндіруді дамытуы; мектеп көлемінде іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлауы және өткізуі тиіс.

Бағдарламаның түйінді идеяларын бақылап отыру және жүзеге асырылуын мониторингілеу үшін жалпы білім беретін ұйымның басшылығы директор, оның орынбасарлары оқытудан өткен мұғалімдермен практикалық іс-шаралардың кешенін іске асыруы тиіс:

v (Бағдарламаның үшінші (базалық) деңгейі бойынша оқып шыққан мұғалімдерде)

бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;

сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу.

v (Бағдарламаның екінші (негізгі) деңгейі бойынша оқып шыққан мұғалімдерде)

бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;

сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу;

мұғалімнің өзі зерттеуін іске қосу барысында қызметінің нәтижелілігін қадағалау;

әріптестерін оқытудың әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілгенін анықтау (жоспарлау, кесте құрастыру);

бағдарламаның үшінші (базалық) деңгейі бойынша әріптестер тобының оқытуының табыстылығына талдау жүргізу (6-10 адам);

әріптестеріне коучинг және мониторингті меңгертудегі мұғалімнің жұмысына бақылау жүргізу.

v (Бағдарламаның бірінші (жетік) деңгейі бойынша оқып шыққан мұғалімдерде)

бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;

сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу;

мұғалімнің өзі зерттеуін іске қосу барысында қызметінің нәтижелілігін қадағалау;

әріптестерін оқытудың әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілгенін анықтау (жоспарлау, кесте құрастыру);

бағдарламаның екінші (негізгі) деңгейі бойынша әріптестер тобының оқытуының табыстылығына талдау жүргізу (6-10 адам);

әріптестеріне коучинг және мониторингті меңгертудегі мұғалімнің жұмысына бақылау жүргізу;

мұғалімдердің кәсіби қауымдастығының мектепте және одан тыс жерлерде ұйымына, қызмет етуіне бақылау жасау;

деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің түсініктері бойынша талдау жасау, білім беру саласындағы зерттеулердің әдістерін түсінуі және жоспар құру мен мектеп көлемінде зерттеу жүргізуі бойынша нақты практикалық әрекеттер жасау қабілетіне талдау жасау.

 


Тақырыбы: Оқыту үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу, оқушылардың танымдық белсенділігін дамытып,функционалдық сауаттылығын арттыру.

Максаты:

v Мектеп ұжымын оқытудың жаңа әдіс тәсілдерімен таныстыруды жалғастыру

v Мұғалімдердің ол әдіс тәсілдерді сабағында қолданып, үйренуіне көмектесу

v Негізгі басымдық ретінде «формативті бағалау» әдісін алып, сабақтарға белсенді түрде енгізу арқылы оқушылардың өз бетімен білім алуына ықпал ету, әр сынып бойынша, жалпы мектеп бойынша білім сапасын көтеру.

Күтілетін нәтиже:

v Оқушылардың сабақтағы белсенділіктері артады, әр оқушы өз бетімен білім іздеуге тырыса бастайды.

v Білім сапасының көтерілуі байқалады.

 

 

Басымдықтар

Күтілетін нәтиже

мұғалім

оқушы

ата-ана

1.Коучинг және тәлімгерлік арқылы деңгейлік бағдарлама идеяларын түсінуге қолдау көрсету. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін ықпалдастыра отырып оқу сапасын арттыру.

60% мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді

Оқушылар топта ынтымақтаса,бірлесе жұмыс істеу дағдылары 50% қалыптасады

Ата-аналар ынтымақтастығы 40% артады

2.Сыртқы және ішкі қоғамдастық арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін үздіксіз арттыру және көшбасшылығын дамыту

80% мұғалімдер сыртқы және ішкі қоғамдастық мүшесіне кіреді.

Мұғалімдер оқушылардың үлгерімін ата-аналарға үздіксіз хабарлап отырады.

70% оқушылар сыртқы және ішкі қоғамдастық арқылы мұғалімдердермен, ата-аналармен өз қатарларымен тығыз байланыстарда болады

55% ата-аналарлар сыртқы және ішкі қоғамдастық арқылы мұғалімдермен тығыз байланыста болады.

Ата-аналар балаларды оқытудағы серіктес деп саналады.

3.Топтық, жұптық жұмысты қолдана отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан талдау мен бағалау дағдыларын қалыптастыруына ынталандыру.

Мұғалімдердің 45% сыни тұрғыдан талдау мен бағалау бойынша оқу тапсырмаларын құрып,жоғары дәрежелі сұрақ қою техникасын менгереді.

Оқушылардың сыни тұрғыдан талдау мен бағалау дағдылары 50% қалыптасады.

Баласының білімін 40% бағалай алады.

4. Нысаналы сыныптарда сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға жағдай жасау.

40% мұғалімдер өз сабақтарында оқушылардың жас ерекшелігіне қарай жүйелі түрде тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланады.

Оқушылардың 50% өзін-өзі және өзара бағалауы қалыптасады.

Ата-аналар мектеп туралы көбірек білуге ынталанады.


 

 

 

 

 

Zhospar-2016-2017-ou-zhylyna.docx
Посмотреть онлайн файл: Zhospar-2016-2017-ou-zhylyna.docx

 


Похожие публикации:

25 апрель 2017 Әдістемелік жүйе
25 апрель 2017 Әдістемелік жүйе
25 апрель 2017 Әдістемелік жүйе
25 апрель 2017 Әдістемелік жүйе