«Ұлт келбеті- жалынды жастар» » №16 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлт келбеті- жалынды жастар»
21
декабрь
2017

«Ұлт келбеті- жалынды жастар»

Іле ауданы №16 мектебінде ағымдағы жылдың 11-желтоқсанында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген бағыттарды мектеп ішінде насихаттау мақсатында «Ұлт келбеті- жалынды жастар» тақырыбында кездесу өтті. Мектеп ұстаздары,оқушылар ата - аналар Елбасының бағдарламалық мақаласын тарқатып айтып беру үшін,жастарды ұлттық рухта, өнерге тәрбиелеп жүргентанымал ақын сазгер продюссер– Бауыржан Есебаев және «МЕЛОМЕН» тобы шақырылды. Бұндай аудиторияны таңдаудағы басты мақсат – ауданның атын Республикалық, облыстық деңгейде қорғап жүрген мектептің жас маммандарын, оқушыларын үлгі ретінде насихаттап, Елбасымыз айтқандай «еліміздің болашағы жастардың қолында», саналы жастардың қолында екендігін жас ұрпақтың бойына сіңіру болды. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді» деген. Бұл кездесудің тағы бір ерекшелігі сазгер Бауыржан Есебаев жиналған жастарға бүгінгі жетістіктерінің басты критерилерімен бөлісті.Сондай ақ кездесу барысында мектеп директоры Мурат Сакибайұлы еліміздің болашақта Латын әліпбиіне көшудің жолдарын, оның қажеттілігі мен артықшылықтары, жастарға беретін мүмкіндіктерінде атап өтті.
Елбасының бағдарламалық мақаласындағы әрбір басымдықты өмірмен сабақтастырған бұл кездесу жастардың аталмыш іс-шарадан алары көп болды.Кездесу соңы қонақтармен естелік суретке түсумен аяқталды.


«Ұлт келбеті- жалынды жастар»
«Ұлт келбеті- жалынды жастар»

Похожие публикации:

09 октябрь 2017 Ұстаздар күні