02
ноябрь
2022
Тоқаевтың басымдығы – 4 миллион ауыл тұрғынына жоғары деңгейдегі медициналық көмек көрсету көзделуде
Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Алматы облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.
⏺Өтеген батыр ауылында балалар клиникалық ауруханасының қызметкерлерімен кездесу өтіп, оның барысында кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің негізгі мақсаттары талқыланды.
✔️Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов атап өткендей, Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саланы, әсіресе денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөледі.
🗣«Дәрігер мамандығының мәртебесі заң жүзінде бекітіледі. Медицина саласының қызметкерлерін қорғау мен қолдау жұмысы күшейтіледі. Саланы дамытудың тұрақты моделі әзірленіп, 2027 жылы қаржыландыру деңгейі ЖІӨ-нің кемінде 5%-ын құрайды. Ауылдық жерлерде 700 жаңа медициналық нысан ашылады. Бағдарламада көрініс тапқан шаралар ел аумағындағы 4 миллионнан астам ауыл тұрғынын мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Ерлан Қошанов.
⏺Бұдан соң, РҚШ мүшелері Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде Алматы облысының жұртшылығымен кездесті. Бағдарламаның өңірлерді дамытуға және инфрақұрылымды жаңартуға арналған блогы барынша белсенді талқыланды. Мәселен, республикалық маңызы бар 8 мың шақырым, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар 14 мың шақырым автожол салу және жөндеу, ауылда 350 мыңнан астам сапалы жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.
⏺Осы күні РҚШ мүшелері Іле ауданының құрметті азаматтарымен кездесіп, жергілікті базарлардың бірінде жастармен жүздесті. Жас азаматтармен әңгімелесу барысында Ерлан Қошанов жастардың нақты мәселелерін шешу Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасындағы негізгі бағыттың бірі екенін атап өтті.
Осы мақсатқа, оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуге бюджеттен қомақты қаражы бөлу көзделіп отыр. Бұл қадам алдағы 7 жылда 2,3 миллион адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.
#Toqaev2022
https://www.instagram.com/p/CkdppZsIPia/?igshid=MDJmNzVkMjY=