Ас - адамның арқауы
«Ас – адамның арқауы» дейді халқымыз. Сол айтқандай-ақ, денсаулықты сақтау дұрыс тамақтанудан басталады. Тамақтағы қоректік заттар сапасы жағынан адам организмінің мұқтажын өтеуі қажет. Әсіресе тамақ нормасын әркім өз ақылымен мөлшерлеуі тиіс. Әрине, дастарқандағының бәрін тауыса ішіп-жеу мақсат емес. Мешкейлікті ата-бабамыз о бастан-ақ жек көріп, ең жағымсыз қылықтардың біріне санағаны бәрімізге белгілі. Сол себепті, тамақты бойға мөлшерлеп ішіп-жеген дұрыс. Адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зоp. Тамақтану аpқылы адам ағзаға қажетті заттаpды алады. Адам ағзасына құнарлы астың тигізер шипасы мол.
Іле ауданы, Междуреченск ауылы, Ю.А.Гагарин атындағы №16 орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесінде Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен бөлінген қаражатқа мектебімізде жетім, толық емес, көпбалалы, азқамтылған отбасынан шыққан 195 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Олардың 1-4 сыныбынан 126 бала, ал, 5-11 сынып оқушыларынан 69 бала тамақтанады.