24
февраль
2020
Ас адамның арқауы
Ю.А.Гагарин атындағы №16 орта мектеп басшылығы мен әкімшілігі оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етудегі ерен еңбектерін адал атқарып келе жатқаны үшін, осыған тікелей қатысты жеке кәсіпкерлерге өз алғысын жеткізді. "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілген қызмет стандарты негізінде жалпыға білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік қорғансыз, санатына жатқызылатын отбасылардан шыққан көпбалалы отбасынан шыққан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жалғызбасты аналардың балалары тізімге алынып, тамақтандыру ұйымдастырылған.