4-сыныптар арасында өткізілген ашық сабақтар аталығы

2021-2022 оқу жылының 04.10-08.10.2021 ж аралығында 4-сыныптар арасында мектепішілік ашық сабақтар апталығы өткізілді. 4-сыныптарда 5 мұғалім жетекшілік етеді. Апталықтардың жоспары әдістеме бірлестік жетекшісімен бірлесе отырып құрылды, бекітілді.
4«А»сынып жетекшісі: Ж.Таймағамбетова жаратылыстану пәнінен «Неліктен әр жануардың тамағы әр түрлі болады?»тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім өз сабағын «Мен ақылды баламын» атты психологиялық дайындықпен бастап, қима қағаздар арқылы 2 топқа бөлуден бастады. Үй тапсырмасын сұрау кезінде «Кезектескен интерьвю» әдісін қолданды.Сабағында дүниетану мен қазақ тілі пәнімен байланыс болды.Интернет-ресурстар, дерекқордан сабаққа қатысты ақпараттарды пайдаланды.«Тақырыпты болжау» және «Түртіп алу» әдістерін пайдаланды. Оқушылар қызығып, сабаққа белсене қатысты. Сабақ жоғарғы дәрежеде өтті.Қатысқан мұғалімдер өте жақсы пікірлер қалдырды.
4«Ә»сынып жетекшісі: С.Б.Қосанова әдебиеттік оқу пәнінен «Ана тіліне тағзым» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Өз сабағында IMektep сайтындағы танымдық анимация көрсетіліп, сабақты бекітуге көмектесетін ойын түріндегі тапсырмалар берді. «Миға шабуыл»стратегиясын, «Құпия зат» стратегиясын , «БББ»стратегиясын пайдаланды. «Ойыңды аяқта» шеңбері арқылы кері байланыс жасады. Сабақ өз дәрежесінде өтті. Оқушылар өте белсенді. Мұғалім уақытты тиімді пайдалана білді.
4«Б»сынып жетекшісі: Г.Арынбекова математика пәнінен «Қозғалысқа берілген есептер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақты «Өз күлкіңмен бөліс» жылулық шеңберін құрудан бастады..Обратная связь кезінде «Табыс сатысы» әдісін пайдаланды.Уақытты тиімді пайдалана білді.Сабақ жақсы дәрежеде өтті.
4«В»сынып жетекшісі: Н.О.Утесинова дүниетану пәнінен «Қазақ халқының шығу тарихы»тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақты оқушыларға бір-бірлеріне жақсы көңіл күй сыйлаумен бастады. Сабақты бекіту кезеңінде «БББ» әдісін пайдаланса, қорыту кезеңінде «Бинго»әдісін пайдаланды.Обратная связь ретінде «Білім сандығы»әдісін пайдаланды.Уақытты тиімді пайдалана білді.
4«Ғ»сынып жетекшісі: Г.Хожабекова қазақ тілі пәнінен «Синтаксис әлеміне саяхат» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім жан-жақты дайындалған. Көптеген әдіс-тәсілдерді пайдаланды. Уақытты тиімді пайдаланды.
