Соңғы қоңырау - 2017
Сыңғырла соңғы қоңырау - 2017
Алматы облысы, Іле ауданы, Ю.А.Гагарин атындағы №16 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен МКМ-нде «Сыңғырла соңғы қоңырау-2017» жиыны салтанатты түрде өткізілді. Әрбір елдің өркендеуі, тұғырының биікте, берік болуы білімге келіп тіреледі. Заңғар жазушыМ.Әуезовтіңсөзімен айтар болсақ, «Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін білімболмақ» десе, көреген ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев:«Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп тұжырымдайды. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден - бір дара жолы - білім жүйесі. Сол дара жолдың қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. 25- мамыр еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылып, оқушылар сыныптан сыныпқа көшсе, мектеп түлектері алтын ұясымен қоштасты. Мектебіміздің салтанатты жиынына арнайы шақырылған қонақтарымыз келіп, төрден орын алды.
Республикалық «Obrain» Интеллект Дамыту Орталығының директоры Тургунбаев Арман Кошкинбаевич мектеп директоры М.С Туркешевті және оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары К.К.Каландарованы Алғыс хаттарын табыстап, ізгі тілектерін білдірді.
2016-2017 оқу жылын артқа тастаған аталмыш білім ордасының озық ойлы, шығармашылықтары шырқау, ізденістері ілгері білім бәсекелерінде бірнеше мәрте белсенділік танытып аудандық, облыстық, республикалық сайыстардың жүлдегері атанған ұстаздары да аз емес. Солардың жас та болса терең танымымен, тынымсыз тірлігімен тың серпіліс танытып үлгерген үлгілі ұстаз Кашкынбаева Роза Орынбайқызы 2016-2017 оқу жылында Республикалық Bilimland.kz «Жаңашыл мұғалім-2017жыл» сайысында мың мұғалім арасынан іріктеліп бас жүлдеге ие болды.
Биылғы оқу жылында алтын ұя мектебінен өз түлектерін шығарып салуға ата- аналармен ұстаздар ұжымы мектеп оқушылары жиналды.
Мектебіміздің түлектерімен сынып жетекшілері де өз шәкірттерімен қоштасар сәт те келіп жетті. Қолға қалам ұстатып, алғаш әріп үйреткен ұстаздарын қимастықпен ұмытпай, есте сақтап жүреді деген сенімдеміз.
Әрбірінің жүзінен үлкен өмірге аяқ басу алдындағы қимастық, қобалжу сезімі анық байқалады.
Мектебіміздің директоры Туркешев Мурат Сакибайұлы өзінің мектеп ұжымына, мектеп оқушыларына, мектеп ата-аналарына ыстық ықылас лебіздерін білдіре отырып, алтын ұя мектеп түлектеріне алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуде сәттілік тілеп, жоғары балл жинайтындарына сенім білдірді. Мектеп басшысының сенімі мектебіміздің жас талапкерлеріне үлкен жауапкершілік артары анық. Арқаларындағы жүктің ауырлығын сезінген жастар сенімнен шығу үшін барын салары сөзсіз.
Мектеп бітіруші түлектеріміз Абдыкадирова Ақгул және Шайарыстан Елдар «Мектеп бітірушілер әнін» орындады.
10-сынып оқушылары мектеп қабырғасынан аттанғалы тұрған жас түлектерге ізгі ниеттерін білдіріп, сәттілік тіледі. Бір үйдің баласындай болып бірге тәрбиеленген достарына деген қимастық сезімі көңіл толқытады.
Ата-аналар баласын біліммен нәрімен сусындатып, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, әрқашан адал балуға баулыған, болашаққа үлкен үміт жолын сілтеп, бағыт-бағдар берген білімді, білікті, ұлағатты ұстаздарына алғыс сөздері мен игі тілектерін білдірді.
Болашақта үлкен өмірде сан қилы қиында қызықты асулар күтіп тұр. Сыныптастарымен енді қашан, қай кезде кездесетіндері де белгісіз. Сондықтан да бітірушілеріміз ортаға шығып соңғы мектеп вальсін биледі.
Ел ертеңі, ақылына білімі сай Мәңгілік елдің жастарының қолында. Сондықтан да, жауапкершілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен шығып, алдарында күтіп тұрған жаңа өмір баспалдақтарынан сүрінбей, үлкен өмір жолына бастар қадамдарына арман тілектерін айтып «Арман шарларын» әуеге ұшырды.
«Сыңғырла соңғы қоңырау-2017» салтанатты жинды Алтын белгі үміткерлері Шайарыстан Елдар, Абдикадырова Ақгүл және ерекше атестат үміткері Бекшуманов Амиржан және 1-сынып оқушылары қоңырау үнімен аяқтады.