Алғыс айту күні
«1 наурыз- Алғыс айту күні» бойынша өткізілген іс-шаралар
Аудан әкімдігінен 2017 жылдың 23 ақпан күнгі ЭД №1016 хатына сәйкес, Іле ауданының білім бөлімінің 2017 жылдың 24 ақпан күні №111 бн/қ бұйрығының негізінде мектепшілік 25.02.2017ж №49 бұйрық шығарылып, жоспар құрылып,бекітілді.
Жоспар бойынша 1.03.2017ж ДТІЖО С.Боранбаева Г.Казенова
Жас Ұлан ұйымының мүшелері «1 наурыз- Алғыс айту күні» бойынша Жас Ұлан ұйымының мүшелері мектеп ұстаздарын қарсы алып,алғыс айту іс –шарасын ұйымдастырды.
«1 наурыз- Алғыс айту күні» бойынша 8 «Ә», 8 «А», 10 «А», 6 «А», 5 «Ә»,7 «В», 6 «Ғ» сынып оқушылары қабырға газеттерін шығарды.
Қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі А.Тоганбаева «1 наурыз-Алғыс айту күніне» орай 6 «Ә» сынып оқушылары арасында эссе байқауын ұйымдастырды. Байқауға 19 оқушы қатысты.
ДТІЖО С.Боранбаева Г.Казенова Жас Ұлан ұйымының мүшелері зейнеткер ұстаздарға Г.Канаева, Б.Нұрсейтке құрмет көрсетіп, алғыс айтты. ДТІЖО С.Боранбаева «1 наурыз- Алғыс айту күні» өткізілген іс шаралар туралы «Алғыс айта жүрейік тақырыбында Іле таңы газетіне мақала жіберді. Дене шынықтыру пәні мұғалімі К.Алтабаев 5 «Б», 5 «В» сыныптар арасында көңілді старт іс –шарасын ұйымдастырды. Іс-шара барысында 5 «Б» сынып оқушылары мәреге жетті.