Выпускной 2019
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «2018-2019 оқу жылын аяқтау және жалпы білім беретін оқу орындарының қорытынды аттестаттауын өткізу туралы» бұйрығына сәйкес ,Алматинская область ,Іле ауданы,әкімінің орынбасары А.Сатибаевтың 07.06.2019 жылғы 77-2/1535 хатына сәйкес, мектепшілік бұйрық шығарылып, жоспар құрылып, бекітілді. Ата –ана тарапынан, мектеп әкімшілігі мұғалімдер тарапынан кезекшілік құрылып, бекітілді. «Болашақ жастардікі» мектеп бітіру кешінің сценарийін әзірленіп,бекітілді.Мектеп бітіру кеші 12.06.2019ж күні мектеп алаңында сағат 18.00-20.00 уақыт аралығында өткізілді.
Техника қауіпсіздігін сақтау және өртке қарсы қауіпсіздік мәселелері жөнінде директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары М.Нусупбаев мектеп қызметкерлерімен нұсқаулықтар өткізілді. Іс–шара барысында мектеп бітірушілермен ата –аналармен өздерін ұстау тәртібімен таныстырылды.
«Болашақ жастардікі» атты түлектердің салтанатты бітіру кешіне
А.Скакова-төлеу орталығының басшысы, Ахашбеков Жомарт Бейсбаевич- Междуреченск ауылдық округінің бас маманы, ардагер ұстаз Нұрсейіт Бәкір Нұрсейітұлы, мектепшілік ата –ана комитетінің төрайымы Беличенко Елена Владимировна шақырылды. Сценарий бойынша мектеп түлектері сынып жетекшілерімен бірге ортаға шақырылды. Құттықтау сөзді мектеп директоры Туркешев Мурат Сакибаевичке берілді. Шақырылған қонақтар мектеп түлектеріне жылы лебіздерін білдіріп құттықтады.
11-сынып түлектердің аттестатын тапсыру үшін мектеп директоры Туркешев Мурат Сакибаевич және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.Есетова ортаға шақырылды. 12.06.2019ж Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебін 47 түлек бітірді.
Бітіру кештің тақырыбы «Болашақ жастардікі» болғандықтан әр түлекті болашақтағы арманын айтып ортаға шақырылып аттестаттары табыс етілді. Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздарына ата –аналарына құттықтау сөз берілді.
11 сынып жетекшілері: С.Уйткубаева,Г.Жунусова,А.Бегеноваға құттықтау сөз берілді. Бітіру кештің соңында түлектер мектеп бітіру вальсін билеп, ұстаздарға қимастық өлеңдерін жолдады.